Қазір ұсынысты агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі жұмыс тобы қарап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.
Оның айтуынша, өзгерістер топтамасы Үкіметтің қарауына наурыз айында беріледі.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар жүйелі іс-шаралар қабылдайтын болады. Ең алдымен, қолдау тетіктерін оңайлатуға, бағыттарын оңтайландыруға, шаруашылық жүргізудің мөлшері мен нысандарына қарамастан, барлық субъектілер үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Сондай-ақ субсидия алушылар нақты индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізу туралы қарсы міндеттемелерді міндетті түрде қабылдайтын норма енгізіледі», деді министр.