• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 12 Қаңтар, 2022

Әлихан Смайылов күш құрылымдарының қызметкерлеріне алғыс айтты

266 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет атынан күш құрылымдарының қызметкерлеріне елдегі қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру жөніндегі іс-әрекеттері үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің сайтына сілтеме жасап.

«Еліміз үшін қиын уақытта ІІМ қызметкерлері, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі, ТЖМ және басқа да құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ мерзімді әскери қызметшілер мен курсанттар елдегі қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру бойынша қызмет атқарады. Оларға үлкен жұмыс үшін алғыс білдіреміз», деді Әлихан Смайылов Президенттің тапсырмаларын орындау жөніндегі кеңесте.