Алматыдан Нұр-Сұлтан мен Ақтөбеге қосымша үш пойыз қатынайды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына қосымша екі және Ақтөбеге бір пойыз жібереді:
Алматы-2 - Нұр-Сұлтан «Нұрлы жол» (Тальго) бағытындағы №207/208 пойызы Алматыдан 20 сағат 07 минутта жолға шығады. «Алматы-2 - Нұр-Сұлтан-1» бағытындағы №205/206 пойызы 2022 жылдың 12 қаңтарында Алматы-2-ден 22 сағат 05 минутта аттанып, елордаға 13 қаңтарда 19 сағат 06 минутта жетеді. Ақтөбеге 14 қаңтарда сағат 07.25-те келеді, сол күні құрам Ақтөбеден Алматыға сағат 15.00-де қайтады. Барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша жүреді.