• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қаңтар, 2022

Бұзақылар жедел жәрдем көліктеріне кедергі келтірген

308 рет
көрсетілді

Шымкент қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бұзақылар жедел жәрдем көліктерінің еркін қозғалуына кедергі келтіріп, шабуыл жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте шақыртулар бойынша жолға шыққан жедел жәрдем көліктеріне шабуыл жасаған бұзақылар тас лақтырып, олардың жолын бөгемек болған. Көлікте болған ақ халатты абзал жанды жұлқылап, күш қолданған кезде оны әріптестері әупірімдеп жүріп аман алып қалған.

«Сол уақытта шақыртушылар санында есеп болған жоқ. Жағдайды ескеріп, диспетчерлердің санын көбейттік. 4 қаңтар күні екі бригадаға шабуыл жасалса, 5 қаңтар күні мұндай әрекет бес мәрте қайталанған. Жалпы 6 автөкөлігіміздің терезелері сынды. Бір фельдшердің иығына тас тиді», дейді Шымкент қаласы жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова.