• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 12 Қаңтар, 2022

Мемлекет басшысы Алматы ауруханасындағы жаралылардың жағдайын білді

278 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына барып қайтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Травматология бөліміндегі палаталарды аралап көріп, террорлық акті кезінде зардап шеккен азаматтармен жүздесіп, әңгімелесті.

Президент жараланғандардың хал-жағдайларын сұрап, олардың тезірек сауығып кетуіне тілек білдірді. Ол сондай-ақ аурухана дәрігерлерімен де сөйлесті.

Мемлекет басшысының айтуынша, күштік құрылымдардың зардап шеккен барлық қызметкеріне тиісті көмек көрсетіледі.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен азаматтардың бәріне дер кезінде жан-жақты медициналық көмек көрсетілді.