• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қаңтар, 2022

Әлия Назарбаева Алматыдағы тәртіпсіздікке байланысты пікір білдірді

2826 рет
көрсетілді

Әлия Назарбаева Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Әлия Назарбаева әлеуметтік желіде жазды.

«Елде болып жатқан жағдайды жүрегіммен сезініп жатырмын. Зардап шеккендер мен қаза болғандардың қайғысы мен өкінішті жеткізуге сөз таппай отырмын. Қаза болғандардың отбасына қайғыра көңіл айтамын. Бұл қатаң сабақ барлығымыз үшін ел тарихындағы осындай соңғы оқиға болсын. Адамдардың бейбіт кезеңде қаза болып жатқаны дұрыс емес», деп жазды Әлия Назарбаева.

Ол сондай-ақ әлеуметтік желідегі оқырмандарына жылы лебіздері үшін алғыс айтты.

«Қазіргі кезеңде әкемді моральдық жағынан қолдап жатқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Әкем елдің әр аймағындағы тұрғындардан көптеген хабарлама алып жатыр. Қазақстанға бейбітшілік пен гүлдену, қазақстандықтарға амандық пен денсаулық тілеймін», деп жазды Назарбаева.