Қазақстанда тұрғын үйлерде ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарлары мен тұрғын үйлерде ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізімін әзірледі.
Дәлірек айтсақ, өмір сүру орындарында тыйым салынған тізімге барлық кобралар, барлық мамб жыландары, тайпандар, бумсланг (ағаш жыландары), шарап жыландарының барлық түрлері, питондар, жалған аяқты жыландар, шынжыр жыландар, құмды эфа жыландары, Габон жыландары, Комодо кесірткесі мен қолтырауындардың барлық түрлері енді.
Сондай-ақ, тізімде бірқатар қосмекенділерге, арахнидтерге, соның ішінде қарақұрттар, шаяндар, тарантулалар, итбалықтар, морждар, аюлар, арыстандар, барыстар, сілеусіндер, пілдер, кенгуру, бегемоттар, қолтырауындар, маймылдардың әртүрлі түрлері мен басқалары да бар.
Тізімнің толық нұсқасы көрсетілген құжат 27 қаңтарға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.