• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қаңтар, 2022

СҚО: Балалар тұмауы бағынбай тұр

206 рет
көрсетілді

СҚО-да былтырғы кезеңмен салыстырғанда осы жылы жағдай мәз емес. Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері дәрігерлерге қайырылған тұрғындардың қарасы көбейген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов мәселенің мәнісіне тоқталды. Ол келтірген деректерге зер салсақ, өңірде вирустық инфекцияны жұқтырғандар саны көбейген. Эпидемиологиялық маусым басталғалы облыста ЖРВИ жұқтырған 17 814 адам анықталған. Былтыр осы кезеңде 13 221 жағдайы тіркелген екен. Яғни биыл ауырғандар саны 34 %-ға артқан.

«Өткен аптада ЖРВИ жұқтырудың 800-ге жуық жағдайы анықталды. Оның жартысынан астамы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Сондай-ақ биыл тұмаумен ауырғандар саны артты. Былтыр қауіпті вирустың бір де бір жағдайы тіркелмесе, биыл 29 адам дәрігерлердің көмегіне қайырылған. Сырқаттардың 60 %-ы – балалар», дейді Арман Күшбасов.