• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қаңтар, 2022

Алматы облысы: 337 адам дәрігер көмегіне жүгінген

396 рет
көрсетілді

Алматы облысында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде 337 адам медициналық көмекке жүгінгені анықталды. Жарақат алғандардың 13-і әскери қызметкер, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінде әр қилы дене жарақатын алған 109 адам ауруханада ем қабылдауда. Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков дәрігерлерге митингке қатысқандар тарапынан шабуыл жасалмағанын айтты.

«Көшеде орын алған тәртіпсіздікке қарамастан дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыстарын адал атқарды. Дәрігерлерге ереуілшілер шабуыл жасаған жоқ. Жаппай тәртіпсіздік кезінде облыстық жедел жәрдем станциясының бір қызметкері зардап шекті. Жедел жәрдем көлігіне атқан оқтың салдарынан сынған әйнек жүргізушіні жарақаттаған. Қазіргі таңда көлік жүргізушісінің жағдайы тұрақты», деді басқарма басшысы.