• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2022

Қарағанды облысы ауданының атауы өзгерді

2112 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы «Қарағанды облысының Қарағанды және Балқаш қалаларының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» бірлескен қаулысы мен мәслихат шешімі қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Октябрь ауданы Әлихан Бөкейхан ауданы болып қайта аталды.

Балқашта Ленин көшесі Абай көшесі деп аталды, ал Абай көшесі Ынтымақ көшесі болып өзгертілді.

Бірлескен қаулы мен шешім 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.