Орал-Атырау тасжолында «КамАЗ» бен Toyota Camry көлігі соқтығысты. Апат салдарынан бес адам қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы «Мой город» басылымы мәлім етті.
Өңір полициясы мәліметінше, жол апаты 14 қаңтарда сағат 7.55-те болған.
«Көліктер соқтығысқаннан кейін өрт шыққан. Жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 345-бабы «Жол-қозғалысы ережесін бұзу» бойынша соталды тергеу басталды», деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, жеңіл автокөлік толық жанып кеткен. Қаза болғандардың жеке басы әлі анықталған жоқ. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.