• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Футбол 17 Қаңтар, 2022

Вагнер Лав Данияда ойнайды

180 рет
көрсетілді

Бір жарым жылдай Алматының «Қай­раты» сапында өнер көрсеткен бра­зилиялық футболшы Вагнер Лав ке­лесі маусымды Дания чемпионатында өткізеді.

37 жастағы Рио-де-Жанейроның тумасы спорттық карьерасын өз отанында бас­тады. Әсіресе оның «Палмейрас» пен «Фламенгода» ойнаған кездері жанкүйер­лердің жадында. 2004-2008 жылдары Лав Мәскеудің ЦСКА клубының сапында жасындай жарқылдады. Кейіннен Қытай, Франция, Түркия және Бразилияда өнер көрсетті. Сан мәрте сол чемпионаттарда топырлатып гол соғып, ең үздік сұрмергенге тиесілі арнайы сыйлықтарды иеленді. 2020-2021 жылдары «Қайраттың» жейдесін киді. Осы орайда 30 рет алаңға шығып, 14 рет нысананы дәл көздеді. 2020 жылы Қазақстан чемпионы болумен қатар, ел біріншілігінің ең үздік футболшысы деп танылды. Өз елінің ұлттық құрама командасы сапында 20 рет жасыл алаңға шығып, 4 голдың авторы атанды.

Енді Вагнер Лав Дания чемпионатында Хернингтің «Мидтьюлланд» клубының намысын қорғайды. Бұл команда қазіргі кезде жарыс кестесінде жеке-дара көш бастап тұр. Сондай-ақ олар биыл өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алып отыр.