Алматы комендатурасының ақпараттық орталығы терроризмге қарсы операция басталғаннан бері 2 601 адам ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматы қаласының комендатурасы терроризмге қарсы операция басталғаннан бері заңсыз шерулер, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқан 2 601 адам ұсталғанын хабарлайды.
Барлығы 127 атыс қаруы мен 4 077 оқ-дәрі тәркіленді», деді ведомство өкілдері.
Өткен тәулікте «102» пультіне 329 хабарлама келіп түскен.
«Комендатураның колл-орталығына жедел ден қоюды талап еткен азаматтардан 48 дабыл түсті. Барлық хабарлама пысықталды», деп аяқтады полиция өкілдері.