Соңғы мәліметтерге қарасақ, Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 37 пәтер зардап шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазірге дейін 37 пәтерді көрдік. Мамандар қанша шығын қажет ететінін жан-жақты зерделеуде. Бұл жұмыстың өзі бірнеше күнді қажет етеді. Біз бұл мәселені тұрғындарға хабарлайтын боламыз. Өйткені алдағы екі күнде тергеу амалдары жүргізіледі», дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.