• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2014

«Автобус» акциясы өтті

362 рет
көрсетілді

Облыстық ішкі істер депар­таментінің әкімшілік полициясы басқармасы қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақ­сатында үстіміздегі жылғы 12-14 нау­рыз аралығында аймақ аумағында «Автобус» шұғыл алдын алу шараларын жүргізді. Бұл шараның мақ­саты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушылар көлігі апатының алдын алу болып табылады. Жыл басынан бері жол-патрульдік полиция бөлімшелері автобус жүргізушілердің 191 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерек­терін анықтады. Оның біреуінде автобус жүргізушінің мас күйінде рөлге отырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, осы мерзімде автобус жүр­­­гізушілер жасаған 4 жол-көлік оқи­ғасының салдарынан бір адам каза та­уып, үш адам жарақат алған. Шұғыл алдын алу шараларын өткізу барысында жолаушы­лар мен жүктерді тұрақты немесе арагідік тасымалдауға рұқ­сат құжаттарының болуына, автобус­тардың жарақ­ты­лығына және жүргізушілердің рейске шығар алдында медициналық және техни­калық тексерулерден өткен-өтпе­гендігіне баса назар аударылды. Жол қозғалысы ережелерін бұзған автобус жүргізушілерінің бұдан былай жолаушылар тасымалдауға жіберілу-жіберілмеуі тиісті орындарда қаралатын болады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ,  «Егемен Қазақстан».