• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қаңтар, 2022

Қанша «Сергек» камерасы бүлінгені белгілі болды

411 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде құны 500 миллион теңгеге жетеқабыл бейнебақылау камералары бүлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл мәліметті әкімдіктің штаб отырысында цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев растаған. Оның сөзіне сенсек, қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін 766 «Сергек» бейнекамерасы бүлінген көрінеді.

«Бүгін 485 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің жұмысы қалпына келтірілді. Оның жиырмасы таңертең іске қосылды. Жалпы бүлікшілер 75-тен астам кешенді қиратқан. Оның отыздан астамы қайта қосылып отыр. Қалпына келтіру бойынша жалпы шығын сомасы 250 миллион теңгеден аспайды. Қаңтардың аяғына дейін бәрін реттемекпіз», дейді ол.

Бұдан бөлек саябақтар мен скверлердегі мыңнан астам камераның 242-сі тәртіпсіздік кезінде істен шыққан.

«Бүлікшілер әдейі сондай қадамға барған. Өндірушілер қазіргі сәтте сапа тұрғысынан әлгіндей камералар жоқ екенін айтты. Сондықтан бүгінде олардың орнына басқа өндіруші компаниялардың камерасын орнату мәселесі қарастырылуда. Жалпы 226 миллион теңге керек. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады», дейді басқарма басшысы.