• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2014

Мұнай ұрлаған ұсталды

310 рет
көрсетілді

Облыстық ішкі істер депар­таменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қыз­меткерлері «Ақтөбе – Астра­хань» тас жолының бойында мем­лекеттік тіркеу нөмірі жоқ тіркемелі «КамАЗ» автоцистернасын тоқтатты. Сөйтсе, Ембі қаласының 38 жастағы тұрғыны ешқандай құжатсыз мұнай тасымалдап келе жатыр екен. Сол кезде ұсталатынын білген ол лезде із жасырып үлгерді. Бұдан кейін оған қатысты алдын алу шарасы ретінде тұтқындау амалы қарастырылды. Бұл дерек бойынша қыл­мыстық іс қозғалды. Көп ұзамай әлгі күдікті қолға түсті. Ұсталған күдіктінің мұ­най­ды заңсыз тасымалдағаны үшін қылмыс жасау құралы болып табылатын мүлкі тәркіленіп, екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ақтөбе облысы.
Соңғы жаңалықтар