Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Жоба медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде 18 жасқа толмаған балалардың аурушаңдығының, мүгедектігі мен өлім-жітімінің алдын алу, төмендету бойынша шаралар жүргізуді көздейді.
Сонымен, педиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары:
Балаларға, оның ішінде жаңа туған нәрестелерге дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету; Медициналық көмектің қолжетімділігі мен медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу; БЖАЫҚ қағидаттарын сақтау; Балаларға медициналық оңалту жүргізу; Профилактикалық көмек көрсету: Жүкті әйелдердің патронажы; Салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, тиімді және дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстар; Баланың заңды өкілдерімен күтім мәселелері, аурулардың қауіпті белгілері және қауіп төндіретін жай-күйлер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Табиғи емізу мен лактацияны қолдау, алты айға дейінгі балаларды тек қана емізу және екі жасқа дейін емізуді жалғастыру тәжірибесі бойынша кеңес беру; Скринингтік зерттеулер жүргізу; Баланы ерте жастан дамыту мәселелері бойынша консультация беру; Медициналық профилактикалық тексерулер; Вакцинация жүргізу; Динамикалық бақылау; Балаларды, соның ішінде жаңа туған нәрестелерді патронаждау.Сонымен қатар сырқаттанушылықтың алдын алу және оны төмендету, әлеуметтік мәні бар аурулардың, оның ішінде онкологиялық немесе гематологиялық, B және C гепатиттерінің, АИТВ инфекциясы мен туберкулездің ерте нысандарын анықтау бойынша, сондай-ақ балалар ауруларының, мүгедектігі мен өлім-жітімінің қауіп факторларын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізу.
МСАК ұйымдары келесі шараларды жүргізеді:
Консультациялық, диагностикалық, емдеу-профилактикалық көмек, динамикалық бақылау; Патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделіне сәйкес жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және ерте жастағы балаларға патронаждар және белсенді болу; Профилактикалық егулердің мерзімдеріне сәйкес вакцинацияны жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу; Көрсетілімдер болған кезде балаларды бейінді мамандарға консультацияға жіберу; Жіті және созылмалы ауруларды анықтау, шұғыл және жоспарлы емдеу іс-шараларын уақтылы жүргізу; Көрсетілімдер болған кезде балаларды тәуліктік стационарға, күндізгі стационарға жіберу және үйде стационарды ұйымдастыру; Диспансерлік есепте тұрған созылмалы аурулары бар балаларды динамикалық бақылау, емдеу және сауықтыру; Балаларды қалпына келтіру емі және медициналық оңалту; Жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалардың скринингін жүргізу; Мектепке дейінгі немесе мектеп мекемелеріне түсер алдында балаларды сауықтыруды ұйымдастыру; Ата-аналармен және отбасы мүшелерімен немесе заңды өкілдерімен тиімді тамақтану, балалар ауруларының алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық жұмыс.Құжаттың толық мәтіні 31 қаңтарға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтына орналастырылған.