• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Коронавирус 17 Қаңтар, 2022

ШҚО-да карантин шектеулері ұзартылды

178 рет
көрсетілді

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулер 2 ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 8,6%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 2,539.

Осы орайда, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулысындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.