• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Қаңтар, 2022

Тимур Құлыбаевтың компаниясы «ҚазАзот» акцияларын сатты

339 рет
көрсетілді

Kazakhstan Petrochemicals ЖШС «ҚазАзот» АҚ акциясының 85 пайызын сатып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазАзот» баспасөз қызметі мәліметінше, акция сатып алу бойынша мамандандырылған сауда-саттық 2021 жылы 10 желтоқсанда өткен. Белсенді өтінімдер көлемі 85 000 қарапайым акция болды. Ал берілген өтінімдер бойынша орташа баға 788 858,82 теңге болды.

«Сауда-саттық қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның қарапайым акцияларының 85 пайызын Kazakhstan Petrochemical ЖШС сатып алған, 15 пайызы бұрынғы иесі Бахаридин Аблазимовта қалған.

Осылайша, Joint Resources АҚ (100 пайыз Тимур Құлыбаевқа тиесілі), Дінмұхамед Ыдырысов және Ержан Достыбаев өз акцияларын сатты», делінген хабарламада.

 

 

Соңғы жаңалықтар