• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 17 Қаңтар, 2022

Президенттік кадр резервінің мүшесі аудан әкімі болып тағайындалды

489 рет
көрсетілді

Бүгін Алтынсарин аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Алтынсарин ауданының әкімі болып Арнұр Маратұлы Сартов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол 1987 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. «Экономика» және «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратурада білім алған.

2021 жылы Президенттік жастар кадр резервіне алынды. Бұған дейін Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Арнұр Сартовқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі қамтамасыз етуді тапсырды.