• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қаңтар, 2022

Экс-депутат «Қазақстан халқына» қорына 5 млн теңге аударды

8794 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Нұртай Сабилянов «Қазақстан халқына» қорына 5 миллион теңге аударды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Қазақстан халқына» қорына 5 миллион теңге аударамын дегенім әлеуметтік желіде біраз  талқыланыпты.

Айтарым, бұл кәсіпкерлікпен айналысып, тиісті салықты төлеп, тапқан табыстан көмек ретіндегі шын ниетім.

Бүгін «Қазақстан халқына» қорына 5 миллион теңге аудардым», деп жазды Нұртай Сабилянов фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоры 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылды. Соңғы ақпараттар бойынша, қоғамдық қорға 12 миллиард теңгеден аса қаражат жиналған.