Өткен тәулікте коронавирустық инфекциядан айыққан ел тұрғындарының саны 1142 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дертіне дауа тапқандардың дені – елордалықтар. Иә, 314 елорда тұрғыны індеттен айыққан. Сондай-ақ Қарағанды облысының 194, Батыс Қазақстан облысының 102 тұрғыны сауыққан. Жалпы бүгінгі күнге дейін еліміз бойынша 973637 азамат коронавирустан толық жазылып шыққан.