Қиналған жанға қайырымдылық танытып жүрген атыраулық кәсіпкердің қатарында Әділ Жұбанов та бар. Ол жақында Алматы қаласындағы орталық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігін сыйға тартты.
Биылғы қаңтардағы бейбіт шерудің соңы жан күйзелтер оқиғаға ұласты. Кәсіпкерлік нысандары, полиция мен жедел жәрдемнің көліктері бүлінді. Шағын және орта бизнес саласы қыруар шығынға ұшырады. Осыған орай Президенттің «Күшіміз – бірлікте!» деген үндеуіне қолдау білдіруді жөн көрдім. Сол себептен, отбасымның атынан Алматыдағы ауруханаға жедел жәрдем көлігін сыйлауға ұйғарым жасадым, – дейді Әділ Жұбанов.
Оның айтуынша, жедел жәрдем көлігі гемодиализден амбулаторлық ем алатын пациенттерді тасымалдау үшін қолайлы болмақ.
Атырау облысы