• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 18 Қаңтар, 2022

Елде шектеу шаралары күшейтілді

1732 рет
көрсетілді

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігі ерекше назарға алынып, бірқатар шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

«Эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігін, «омикрон» нұсқасының айналымын ескере отырып, шектеу шаралары күшейтілді», деді Ажар Ғиният.

Атап айтқанда, ведомство басшысының айтуынша, Қазақстанда келесі шектеулер енгізілді:

ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту пункттерінде вакцинация мәртебесіне қарамастан, шетелден келгендердің барлығы үшін теріс ПТР-тесттің болуы міндет; Ashyq бойынша «жасыл» мәртебе болған кезде ғана қызметіне рұқсат етілген объектілердің тізбесі кеңейтілді; Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты оқушыларды, студенттерді оқытуға сараланған тәсіл қолданылады.

«Шектеу шараларын енгізу әрбір нақты өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сараланып жүзеге асырылатынын атап өткім келеді», деп қосты деді Ажар Ғиният.