• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қаңтар, 2022

Павлодарда сілеусін мен елік аулағандар ұсталды

223 рет
көрсетілді

Павлодар облысында сілеусін мен елік аулаған тоғыз адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі аумағында сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулағаны үшін 9 ер адам ұсталды, олардың үшеуі – Алматы қаласының тұрғындары.

Сондай-ақ ұсталғандардан сілеусіннің екі терісі және еліктің бір ұшасы тәркіленді. 

Айта кету керек, Павлодар облысында сілеусін аулауға тыйым салынған, ал елік аулауға 2022 жылдың 1 қаңтарынан тамызына дейін тыйым салынған.

Полиция заңсыз аң аулау фактісі бойынша ҚР ҚК 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Сараптама тағайындалды.

2021 жылы табиғатты қорғау полицейлері заңсыз аң аулаудың 481 фактісін анықтады.