Дизель отыны нарығында бөлшек сауда субъектілеріне қатысты Helios, Sinooil, Газпромнефть-Қазақстан, PetroRetail жанармай станциясына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған қоса, 6 көтерме сатушы: «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Petrosun» ЖШС, «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «ҚазГерМұнай БК» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚазГӨЗ» ЖШС қатысты тергеу жүргізілуде.
«Агенттік өңірлердің алыстығын ескере отырып, 180 күнге сұйытылған мұнай газының (автогаз) шекті бағасын белгіледі: батыс – 50 тг, оңтүстік - 60 тг, солтүстік – шығыс – 60-70тг. Агенттік күн сайын сұйытылған мұнай газының сатылым бағаларына мониторинг жүргізеді, уақытша белгiленген шекті бағалардан асырып сату фактілері анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабына сәйкес бағаны төмендету қажеттілігі туралы нұсқама, орындалмаған жағдайда әкімшілік жазаға тартылады», дейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин.
Хабарламаны орындамау фактісі бойынша «ЕТС тауар биржасы» АҚ сауда алаңын ұйымдастырушысына қатысты тергеу жүргізілуде.