Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінің екінші жарыс күні Қазақстанның үш теннисшісі кортқа шықты.
Бір өкінштісі, соқыр жеребе Елена Рыбакина мен Зарина Диасты алғашқы айналымда жолықтырды. Әлемнің 12-ракеткасы атанып отырған Рыбакина былтыр және биыл бірқатар турнирде табысты өнер көрсетті. Ал бұл жолы ол үш сеттік сайыста 6:7, 7:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші кезеңде Рыбакина қытайлық Чжан Шуаймен шеберлік байқасады.
АТР рейтингінде 253-орында тұрған Тимофей Скатов словакиялық Норберт Гомбошпен күш сынасты. Осындай дүбірлі додаға алғаш рет қатысып отырған 20 жастағы жерлесіміздің жолы болмады. Ол әлемнің 117-ракеткасына 3:6, 2:6, 6:1, 4:6 есебімен есе жіберді.