• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қаңтар, 2022

Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді

427 рет
көрсетілді

19 қаңтардан бастап Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматыда төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат 19 қаңтарда сағат 00:00-ден аяқталғаннан кейін Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді», деп хабарлады әуе айлағының баспасөз қызметі.

Алматы халықаралық әуежайы 13 қаңтардан бастап өз қызметін қайта бастады. Қалада коменданттық сағаттың енгізілуіне байланысты әуежай жұмысы 08:00-ден 21:00-ге дейін жүзеге асырылды. Ішкі және халықаралық рейстер орындалды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында терминалға тек жолаушыларға ғана рұқсат етілген.

Еске сала кетсек, 5 қаңтарда Алматы әуежайына шабуыл жасалды. Әуе айлағы мен бес ұшақтың басып алынғаны туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Кейін әуежай босатылғаны белгілі болды.