• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 19 Қаңтар, 2022

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

136 рет
көрсетілді

«Қазгидромет», РМК синоптиктері 20-22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжам бойынша, батыс және оңтүстік аймақтарда атмосфералық фронталь бөліктерге байланысты, жауын-шашын, екпінді жел және көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі. Елдің қалған аумағы жоғары қысым алаңында болады: жауын-шашын тоқтайды, сондай-ақ ауа температурасы төмендейді деп болжанады.

«Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 10...18-ге дейін төмендейді, күндіз 3...11-ге дейін аяз, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде 20...28-ге дейін, күндіз 12...20-ға дейін аяз, оңтүстік өңірлерде түнде 5 граус аяздан - 5 градус жылға дейін, күндіз 0...10 градус жылы болады», делінген хабарламада.