• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 19 Қаңтар, 2022

Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

233 рет
көрсетілді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кезекті жекпе-жекке дайындықты пысықтайтын кез келді. Айдың аяғында дайындыққа мықтап кірісетін боламын. Рамазан айы басталғанға дейін октагонға шығып, өзімнің бабымды байқап көргім келеді. Ал Рамазан айында толыққанды демалуды жоспарлап отырмын», деп жазды ол өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында.

Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін 4 желтоқсан күні өткізіп, анголалық Манел Капеге техникалық нокаутпен есе жіберген болатын.