• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Футбол 20 Қаңтар, 2022

Сыйлық иелері жария етілді

203 рет
көрсетілді

Футзал тақырыбын арқау еткен Futsalplanet.com порталы былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Futsalplanet Awards сыйлығы иегер­лерінің есімдерін жария етті.

Ең үздік қақпашы аталымында 34 жастағы Тиаго Мендес Роча («Гитта») үздік деп танылды. Ол Бразилия ұлттық құрамасы мен Португалияның «Спортинг» клубы сапында өнер көрсетеді. Екінші орында – Игита. Қазақстан құрамасы мен Алматының «Қайратының» қақпашысы бұған дейін бес рет дәл осы аталымның жеңімпазы атанған еді. Португалия құрамасы ең үздік ұлттық команда деп танылды. Былтыр Литвада жалауы желбірген әлем чемпионатында аталған елдің футзалшылары бас жүлдені олжалады. Жартылай финалда Қазақстанды (2:2, 4:3) пенальтиден жеңді. Финалда Аргентинадан (2:1) айлаларын асырды. Бұл аталымда жерлестеріміз үшінші орынды еншіледі.

Португалия құрамасының жаттық­тырушысы Хорхе Гомес Браз ең үздік бапкерге тиесілі арнайы сыйлықты иеленді. Біздің Пауло Рикардо Кака үшінші сатыға жайғасты.