• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Қаңтар, 2022

Коронавирус: Батыс Қазақстанда 224 науқас ем алуда

353 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 224 науқас стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратқа сенсек, олардың барлығы Орал қаласындағы 4 ауруханада көрінеді. Бүгінде қаладағы стационарлар 58 пайызға толған. 6 науқас ауыр халде, жансақтау бөлімшесінде ем алып жатыр.

Жыл басынан бері 2315 адам коронавирус жұқтырды. 5 науқас мерт болды. Індет табылған 77 баланың төртеуі жазылып шықса, қалғаны сауығу үстінде.