Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мониторингтік топтарды құру және мониторинг жүргізу тәртібін әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мониторингтік топтардың қызметі жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық тәртіпті сақтауына, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық, шектеу іс-шараларына, оның ішінде инфекциялық аурулардың таралу қаупінің алдын алуға байланысты карантинге мониторинг жүргізу болып табылады.
Мониторингтік топтардың құрамына әкімдіктердің, ІІО-ның өкілдері, жұртшылық пен еріктілер, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар кіреді.
Әкімдіктер МГҚ қызметін үйлестіруге, оның ішінде рейдті алдын ала тіркеуді және мониторинг жүргізу нәтижелерін ақпараттық ресурста жүзеге асыруға жауапты лауазымды адамдарды айқындайды.
Мониторинг топтары эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес «сары» және «қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде қызметін жүзеге асырады.
Мониторинг объектісіне шығар алдында мониторингтік топтың барлық мүшелерінің мәртебесі «жасыл» болуы тиіс.
Рейд барысында қандай тексерістер жүргізіледі?
Объектінің қызметін шектеуге қойылатын талаптарды сақтау (жұмыс режимі); Отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуді шектеуге қойылатын талаптарды сақтау; Әлеуметтік қашықтықты сақтау; Маска режимін сақтау; Келушілер санының лимитін сақтау; Қызметкерлерде (персоналда) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның болуы; Келушілер мен қызметкерлерге сканерлеусіз кіруге және кіреберісте арнайы QR-кодты көрсетуге тыйым салуды сақтау.Құжаттың толық мәтінін «Ашық НҚА» сайтынан көруге болады.