• RUB:
    5.01
  • USD:
    492.14
  • EUR:
    528.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қаңтар, 2022

Жыл басынан бері жол апатынан 100-ден астам адам қаза тапты

463 рет
көрсетілді

ҚР Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері жол апаттарынан 100-ден астам адамның өмірі қиылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, ел жолдарындағы жағдай күрделі болып қалуда.

Қаңтар айының басынан бері жол апаттарынан 100-ден астам адам қайтыс болса, 400-ге жуық адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Соңғы аптада жиілеп кеткен, екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғалары ерекше алаңдаушылық тудырады.

Мәселен, 14 қаңтарда Атырау облысында жүргізуші Доссор-Құлсары-Бейнеу автожолында Honda Odyssey автокөлігін басқарып, ВАЗ-2115 автокөлігімен соқтығысып, салдарынан бес адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді.

15 қаңтарда Қызылорда облысындағы Арал-Қазалы автожолында Mazda NPV автокөлігінің жүргізушісі көктайғақта жолға шыққан. Көлікті басқара алмаған жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып, Volvo жүк көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан 8 адам қаза тапты.

18 қаңтарда Жамбыл облысындағы Саудакент-Жаңатас автожолында КАМАЗ автокөлігінің жүргізушісі кері бұрылу кезінде жол бермей, Audi А6-мен соқтығысуға жол берді, жол апаты салдарынан 4 адам қаза тауып, біреуі ауруханаға түсті.

Ал 19 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында Омбы-Майқапшағай автожолында Kia Rio көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, басқа көлікті басып озу кезінде метеорологиялық жағдайларды (қар жауған, боран) ескермей, Mitsubishi Outlander-мен соқтығысты. Нәтижесінде 4 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға жатқызылды.