ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев елдегі тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың несиесі қалай өтелетінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Берілген тапсырмаға сәйкес, тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге берілетін несиелер есептен шығарылады. Дәл осындай жұмысты агенттік тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан жеке тұлғалардың тізімі бойынша да жүргізеді. Қазіргі уақытта бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр», деп түсіндірді Александр Терентьев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.