UFC президенті Дана Уайт ауыр салмақтағы ұйым чемпионы Фрэнсис Нганнудың болашағы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сирил Ганға қарсы өтетін шайқас Фрэнсис Нганну үшін ұйымдағы соңғы жекпе-жек болуы мүмкін бе? Нақты айта алмаймын. Фрэнсистің бізден кеткенінен ұйым ұтпайтыны рас. Алдымен Нганну-Ган кездесуі қалай өтетінін барлап көрейік. Екеуміз екі апта бұрын кездесіп сөйлескен болатынбыз. Әңгімеміз жарасты. Қалғанын уақыт көрсетеді», деді Дана Уайт өз ойын түйіндеп.