• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 21 Қаңтар, 2022

Аурушаңдық бір айда 6 есе артты

617 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиялық жағдай күрделі. Соңғы бір ай ішінде аурушаңдық 6 есе артты.

Эпидемиялық жағдай­ды ба­ғалау матрицасы бойын­ша Батыс Қазақстан облысы 14 қаңтардан бастап «қызыл аймақта». Жыл басынан бері облыста COVID-19-бен ауыр­ған 2 315 адам анықталды. Ауыр­ғандардың көбі, яғни 1 509 жағ­дай Орал қаласында болған. Бөрлі ауданында – 253 жағдай, Бәйтерек ауданында – 241, Теректі ауданында 59 жағдай тіркелді. Коронавирус инфекциясы көбіне 41-60 жас аралығындағы науқастар арасында байқалды. Алайда ауырған­дардың 118-і – 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер.

Өткен аптада алдыңғы апта­мен салыстырғанда аурушаңдық­тың 84,1%-ға, 312-ден 1 964-ке өс­кені байқалады. Қаңтардың 19-ын­да Батыс Қазақстан облы­сында коронавирус инфекция­­сын жұқтыр­ған 376 жағдай тіркелді.

Батыс Қазақстан облысын­да вак­циналаудың бірінші компонентін 261 869 адам (63,1%), екінші компо­нен­тін 246 825 адам (59,5%) салдырды.

Сондай-ақ облыста ревакциналау бойынша жұмыс қарқынды жүруде. Бүгінде 31 335 адам қайта вакциналаудан өтті. Ал 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер санатынан 7 360 адам Комирнати (Pfizer) вакцинасының бірінші компонентін, 4 487 адам екінші компонентін алды.

 

Батыс Қазақстан облысы