• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 21 Қаңтар, 2022

«Жасыл даму» АҚ 24 қаңтардан бастап утиль алымын ала бастайды

1465 рет
көрсетілді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «ӨКМ Операторының» ЖШС қызметін тоқтату жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ӨКМ Операторының» қызметін тоқтату жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті Бұл туралы министрліктің ресми сайты жазды. «Бүгін экология министрі Серікқали Брекешев қоғам және мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторы» ЖШС тоқтатылуына және оның функцияларын мемлекеттік ұйым – «Жасыл даму» АҚ-ға беруге байланысты жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізіп, онда кәдеге жарату алымын әкімшілендіру мәселелерін қарастырды», делінген ресми мәліметте.

Ведомствоның ұстанымы бойынша, «Жасыл даму» қалдықтарды басқаруда тәжірибесі бар экология саласындағы жалғыз акционерлік қоғам. Сондай-ақ, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы. Яғни, мемлекеттің қатысу үлесі – 100%, акционерлік қоғам құрамында жеке және заңды тұлғалар жоқ.

«ӨКМ қағидатын енгізу ең алдымен, бизнестің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету тетіктерін құру есебінен қалдықтармен жұмыс істеу саласында елдегі проблемалық мәселелерді шешуге әсер етті. Бүгінде біз қалдықтарды қайта өңдеу үлесінің 2016 жылғы 2,6%-дан 2021 жылы 21%-ға дейін артқанын көріп отырмыз. Осы кезеңде 264 мың тонна қаптама қалдық, 310 мың тонна автомобиль бөлшектерінің қалдығы жиналып, кәдеге жаратылды», деді министрі Серікқали Брекешев кездесуде.

Министрлік таратқан мәлімет бойынша, бүгінде «Жасыл даму» АҚ екінші деңгейлі банктерде шоттар ашып, төлем жүйелеріне өзгерістер енгізуде.

Ал 24 қаңтардан бастап «Жасыл даму» АҚ утиль алмын қабылдай бастайды.