• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Қаңтар, 2022

Алматы облысы әкімдігін тонады деген күдіктілер ұсталды

260 рет
көрсетілді

Алматы облысы ПД полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде облыс әкімдігі ғимаратынан ұйымдастыру техникасы мен тұрмыстық заттарды ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Өңірдің ПД мәліметінше, Талдықорғанның екі тұрғыны жаппай тәртіпсіздік пен бүлік кезінде облыс әкімдігі ғимаратына келіп, ұрлық жасағанын мойындаған.

«Ұрланған заттар арасында түрлі ұйымдастыру техникалары мен кеңсе бұйымдары, тұрмыстық техника тіпті дәретхана қағазына дейін болған», деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-ның 188-бабы бойынша соталды тергеу басталды.

«Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алынған дәлелдемелер іс материалдарына тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін қысқа мерзімде сотқа беріледі. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», деді ведомство өкілі.