• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қаңтар, 2022

Өткен жылы кәсіпорындарда 200 адам көз жұмған

360 рет
көрсетілді

Қазақстанда 2021 жылы өндірісте жарақат алу мен өлім-жітім деңгейі төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, еліміздің кәсіпорындарында 1465 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ке төмен (2020 жылы – 1503 адам).

Сонымен қатар 200 адам қайтыс болды, бұл 205 адам қайтыс болған 2020 жылмен салыстырғанда 2,4%-ке төмен.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов бүгінгі таңда Қазақстанда 6,7 миллион адам жұмыс істейтін 340 мыңнан астам белсенді кәсіпорын бар екенін хабарлады.

«Жұмыскерлер еңбек құқықтарының сақталуын 246 мемлекеттік еңбек инспекторы бақылайды, олар 2021 жылы 5 130 тексеру жүргізді, нәтижесінде 10 783 заң бұзушылық анықталды. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша жұмыс берушілерге 3 371 ұйғарым беріліп, 278,2 миллион теңге сомасына 1 334 айыппұл салынды», деді Серік Шәпкенов.

Тұжырымдаманы іске асыру барысында 2030 жылға қарай зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер санын 15%-ке дейін төмендету, өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккендер санын 0,24-ке дейін (1000 жұмысшыға) төмендету, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы заң бұзушылықтарды елдегі жалпы көрсеткішке шаққандағы үлесін 15%-ке дейін төмендету жоспарлануда.

Үкімет қызметкерлердің еңбек құқықтары мен жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруды, еңбек жанжалдарына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.