Жапонияның оңтүстік-батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жапония метеорологиялық агенттігінің (JMA) хабарлауынша, сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 01:08-де Кюсю жағалауында дүмпулер тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Хюга-Нада теңізінің түбінде, 45 шақырым тереңдікте болған.
Жерасты дүмпулері Оита, Миядзаки, Кочи және Кумамото аймақтарында сезілді.
Құрбандардың бесеуі Оита тұрғындары, төртеуі Миядзакиден.
Айта кетейік, бастапқыда магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісі тіркелген.
Бірқатар қалаларда электр жарығы мен ауыз су беру үзілді.
Бүкіл аймақта Kyushu Electric Power басқаратын атом электр станцияларында ауытқулар байқалмады.