Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында шағын автобус жарылды. Салдарынан жеті адам қаза тауып, тоғыз адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Герат жедел жәрдем қызметінің басшысы Эбрахим Мұхаммади жараланғандардың үшеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенін айтты.
Жарылғыш зат шағын автобустың жанармай құятын цистернасына орнатылған деген болжам айтылуда.
Әзірге ешбір топ шабуылды өз мойнына алған жоқ.