Атырау қаласындағы «Балықшы» ықшам ауданында тұратын 9 жасар бала кеше, 22 қаңтарда жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
«23 қаңтар күні сағат 05.30-да Атырау облысы полиция департаментінен 22 желтоқсан күні сағат 15.00-де Балықшы ықшам ауданындағы Абай көшесінен 2013 жылы туған бала көшеге шығып, үйіне оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Өз күштерімен іздеу нәтиже бермеді. Қазіргі уақытта құтқарушылар жоғалып кеткен баланы іздестіруде. Сондай-ақ Перетаска каналына сүңгуірлік жұмыстар жүргізілуде. Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 17 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды», деп жазылған Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.