Бангладеш елінде «омикрон» штамын жұқтырғандардың басым бөлігі (73 пайыз) мұрын қуыстарының бітелетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Риа новостиге сілтеме жасап.
Елдің денсаулық сақтау бас басқармасының өкілі Назмул Исламның айтуынша, науқастардың 68 пайызының басы ауырған көрінеді. Сонымен қатар олардың қатты шаршағаны байқалған. Дертті жұқтырып алғандардың көпшілігі кәдімгі тұмаудағыдай жиі түшкірсе, 44 пайызы жиі жөтелетініне шағымданған. Бір сөзбен айтқанда аурудың белгілері тұмауға қатты ұқсайды. Бұған дейін «омикрон» штамы дельта штамына қарағанда жедел тарайтыны белгілі болған еді.