Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, жауын-шашын, қар, екпінді жел, батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде бұрқасын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болжанады.
27 қаңтарға қарай күндізгі температура жоғарылайды: батыс аймақтарда 0...8 градус аяз, солтүстік, орталық аймақтарда 7...15 градус аяз, елдің шығысында 7...20 градус аяз, оңтүстік аймақтарда 0...10-ға дейін жылынады», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.