Қырғыз Президенті Садыр Жапаров Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барар алдында қашықтан жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды Egemen.kz Жапаровтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл әлемде коронавирустық инфекцияның таралуына және қазіргі жағдайда эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігіне байланысты», делінген хабарламада.
Садыр Жапаров қашықтағы режимге қарамастан әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызметін жалғастырады.
Айта кетейік, 3-5 ақпанда Қытайға жоспарланған сапар аясында Президент Садыр Жапаров Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысады. Сондай-ақ ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты кездесу өткізеді.