• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 24 Қаңтар, 2022

Қызылорда облысына 8 мың доза «Спутник-V» вакцинасы жеткізілді

212 рет
көрсетілді

Қызылорда облысына 8 мың доза «Спутник-V» вакцинасы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыста өткен тәулікте 124 адам коронавирус жұқтырды. Оның 43-нен ауру белгісі байқалса, 81-і симптомсыз. Ал инфекциялық стационарда 368 науқас ем қабылдауда. Өңірде ревакцинация жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қазірге дейін 39 537 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын қабылдады.

«Қазіргі таңда өңір «қызыл» аймақтар қатарында. Індет жұқтырушылар қатары күн сайын артып барады. Сондықтан тұрғындарды вакцинациялау маңызы артып тұр. Қазіргі таңда бірінші комнонентін алғандар 92,6 пайызға жетті. Ал екінші компонентін алғандар 87,8 пайызды құрады. Ал облыстағы 39 537 тұрғын ревакцинациядан өтті.

Сондай-ақ, өңірге 8 мың доза «Спутник-V» вакцинасы жеткізіліп, барлық емханаларға жөнелтуде. Ал «Ffizer» вакцинасын 22 333 тұрғын қабылдады. Жалпы барлық емханалар штаттық режимде жұмыс істеуде», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.