• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қаңтар, 2022

5 пайыз жеңілдікпен ипотека беріледі

1381 рет
көрсетілді

Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай қалаларындағы кеншілер мен металлургтерге арналған жаңа ипотекалық бағдарламаға облыстық бюджеттен миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңілдетілген ипотека бес жыл бойы жүзеге асырылады. Жыл сайын облыстық бюджеттен миллиард теңгеден бөлінбек.

Несие бойынша мөлшерлеме 5% құрайды. Қарыз бастапқы жарнасыз 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Ипотекалық бағдарламамен неғұрлым көбірек үміткерлерді қамту үшін пәтер құны 15 млн теңгеден аспауы тиіс.

Ипотека қатысушылары бастапқы немесе қайталама нарықта тұрғын үйді өздері таңдауға мәжбүр болады. Егер пәтердің құны несиеден көп болса, онда сатып алушы жетіспейтін соманы өз қаражатынан немесе БЗТ-нен төлейді.

Ипотекаға қатысу үшін қажетті құжаттарды болат және көмір департаменттерінің кәсіподақтары қабылдайды. Барлық сұрақтар бойынша кәсіпорындардың кәсіподақ комитеттеріне жүгіну қажет. Ипотекаға қатысушыларды іріктегеннен кейін құжаттар банкке жіберіледі.