• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 25 Қаңтар, 2022

Шавкаттың шеберлігіне тәнтімін – сарапшы

636 рет
көрсетілді

Ұлыбританиялық спорт комментаторы, аралас жекпе-жек шебері Джон Гуден UFC-де жасындай жарқырап жүрген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың спорттық бабы өзін тәнті еткенін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мен Шавкаттың барлық мүмкіндігін зерделеп жүрмін. Ол – өте мықты спортшы. Шавкат барлық жағынан өзін жақсы қырынан көрсетіп жүр. Дәл қазір оның шеберлігіне кәдімгідей тәнтімін. Өйткені ол шын мәнінде өте мықты екеніне шүбәм жоқ», дейді ол. Сондай-ақ сарапшы жақын жылдары өз салмағында үздіктердің біріне айналатынына сенімді.